Бүгін “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында БҚО өкілдігіне қарасты мешіттерде “Таза мешіт” атты тазалық шаралары ұйымдастырылды. Шара барысында мешіт аумағы, іші-сырты тазартылып, көркейту жұмыстары жүргізілді. Қала, аудан мешіттерінің жамағаты мен еріктілері белсенді түрде атсалысып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға үлес қосты.
Тазалық – иманның жартысы қағидасына сүйенген облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы тазалық жинаған жерде емес, оны сақтаған орында екенін айтып, имандылық үйіне келушілерге тазалықты сақтауға шақырды.




