2025 жылдың 18 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының бастауымен «Отандық дінтанудағы жаңа белестер және дінтану ғылымының радикалды идеологияға қарсы күресте атқаратын рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға өңірлік дінтанушылар, теолог мамандар, тарихшы-өлкетанушылар, аудан әкімінің орынбасарлары, білім саласының қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Басқосу барысында дінтану ғылымының қазіргі қоғамдағы маңызы, жастардың діни сауаттылығын арттыру, экстремистік идеологиялардың алдын алу және ғылыми негізде түсіндіру жолдары кеңінен талқыланды.
Кездесу дін саласындағы мамандардың өзара пікір алмасуына, тәжірибе бөлісуіне, сондай-ақ зайырлы көзқарасты насихаттау мен ғылыми ұстанымдарды ортаға салуға үлкен мүмкіндік берді.
Қатысушылар өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамда радикалды көзқарастардың таралуына қарсы күресте дінтану ғылымының атқаратын орны мен әлеуетін атап өтті.
Көпшілік үшін маңызды мәселелер қамтылып, дін саласындағы мамандар мен болашақ кадрлардың өзара байланысын нығайтуға және ортақ мақсаттар төңірегінде бірігуіне жағдай жасалды.

