Орал қаласында жарапазан жыры айтылды

Орал қаласындағы 4 және 6-ықшам аудандарында қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Жарапазан айту дәстүрі жалғасын тапты. 

Бұл игі іс ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырысына орай және Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлының қолдауымен ұйымдастырылды. 

Облыстық «Ар — Рахман» мешітінің және қала мешіттерінің имамдары сауда үйлерінде жарапазан айтып, жұртшылыққа Рамазанның берекесін насихаттады. Бұл іс-шараға жергілікті өнерпаздар да атсалысып, ұлттық нақышта жыр орындады.

Жарапазан – Рамазан айының келгенін сүйіншілеп, халықты сауапты амалдарға шақыратын көне дәстүр.