Рамазан – мейірім айы
Қасиетті Рамазан айына орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ауызашар дастарханы жайылып, уағыз-насихат айтылды.
«Рамазан – мейірім айы. Рамазан – шапағат айы. Рамазан айында жақсылық амалдар көбірек атқарылуы керек. Біз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мейірім сыйлау арқылы, ұлтымыздың керемет құндылықтарын дәріптейміз» дейді іс – шараның басы – қасында жүрген жауапты имам Н.И. Убаев.
Берекелі жиын соңында қасиетті Құран аяттары оқылып, бата жасалды, келуші қонақтарға сый-сыяпаттар табысталды.

