БҚО өкілдігі және ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының БҚО бойынша жауапты өкілі Наурыз Ибатұлының ұйымдастыруымен «Ар — Рахман» мешітіндегі бүлдіршіндерге «Рамазан тәттісі» таратылды.
Қасиетті Рамазан айында балалардың көңіліне шуақ сыйлаған мерекелік кешке ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлы қатысып, жиналған жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Алланың үйіне жиналған балалар жаттаған өлең-жырлары мен Құран аяттарын оқып, өнерлерін көрсетті. Өнерімен сүйсіндірген бүлдіршіндер сыйлықтар алып, шаттыққа бөленді. Мешіт наиб имамы Бағдат Русланұлы балалардың ата-анасына «Салиқалы ұрпақ тәрбиелеу» туралы уағыз-насихатын айтты.
