Кеше Орал қаласы, «Тулбаев Мухаммед — Гариф» мешітінде «Ақ бата – асыл мұра» атты бата беруден ақсақалдар арасында байқау болып өтті. «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылған сайысқа қалалық, аудандық мешіт жамағатынан іріктелген 10-нан астам ақсақал қатысып, бата берумен қатар, діни білімдерін, салт-дәстүрге жетіктігін де сарапқа салды.
Қазылар алқасы ақсақалдардың бата беру шеберлігін, шешендігін бақылай отырып, үздігін анықтап, 1-ші орынға Балтамуратов Жұмабай, 2-ші орынға Абдиров Ерлан, 3-ші орынға Әбдірахманов Бағдатты лайық деп тапты. Жүлдегерлердің барлығы арнайы «Алғыс хатпен» марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Өзге де барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша баспасөз қызметі.


