ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының БҚО бойынша өкілі Н.И. Убаевтың ұйымдастыруымен көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар және жалғыз басты аналарға бағытталған қайырымдылық шарасы өткізілді.
Наурыз Ибатұлының бастамасымен өткізілген іс-шара аясында, 11 отбасына ұн, макарон, күріш, т.б азық-түлікті қамтыған заттай көмек көрсетілді.
Шара барысында мешіт қызметкерлері Миғраж түні қандай түн, бұл түні қандай құлшылық түрлерін жасау керектігіне және бұл түннің қасиеті мен маңыздылығына тоқталды.

