ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ БҚО бойынша бас имамы Самат Алибаев Ресей Федерациясы Самара қаласындағы Самара саборлы мешітінің ашылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысты.

Салтанатты жиын дәстүр бойынша Яруллин Талип-хазрат муадзиннің Құран оқуымен басталды. Казаннан келген қадірлі қонақ Габделхак Саматов Аллаға шүкір етіп, өмірден өткендерге құран бағыштап, дұға жасады. Одан әрі қала басшысы Георгий Лиманский, Талгат Таджуддин және Шешенстан мүфтиі Ахмад Кадыров облыстың және Самара халқын құттықтап, өз халқының сәлемін жеткізді. Мешіт жамағаты атынан Ұлы Отан соғысының қатысушысы Шагит Шафигуллин және дүниежүзілік татарлар конгресі атқару комитетінің мүшесі Равиль Ягудин сөз сөйледі.

Мешіттің тек үлкен әрі Басты бөлмесіне мыңнан аса намаз оқушы сыяды. Ал үлкен мейрамдарда екінші және үшінші қабаттың ярустары және ғимарат алдындағы алаң бірнеше мыңдаған мұсылмандармен толады. 2003 жылы мешіт жанындағы аумақта салынған дін қызметкерлерін сонымен қатар ислам дінінің негіздерін үйренгісі келетін әрбір жан үшін «Нұр» медресесі ашылды.

Самара саборлы мешітінің алтын түсті мұнарасы мен айы алыстан көз тартады, әсіресе шуақты күні ерекше әсем көрінеді. Ол біздің жүрегіміздегі тыныштық пен жер бетіндегі бейбітшілікке деген үміттің мәңгі сөнбес жарық жұлдызы тәрізді.