Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлы, мешіт имамдары, әр сала өкілдері мен елді мекен тұрғындары қатысты.
— Мешіт Орал қаласының көлемінде 6-шы, ал Батыс Қазақстан облысындағы 62-ші мешіт болып тіркелді. Нысанның құрылысы 2023 жылы басталып, аталмыш ауылдың кәсіпкерлері мен азаматтарының демеушілік қаражаты және қайырымдылықтары арқылы толық салынып, ауыл халқының игілігіне табысталды, — дейді облыстың бас имамы.
Қасиетті орынның ашылу рәсімі қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, мешіт құрылысына қатысқан белсенді азаматтарға облыстың бас имамы атынан Алғыс хаттар табысталды. Әжелер шашу шашып, аталар алқалы батасын берді.