Семинарда Хадис ілімінің тарихы, Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің жинақталу және кітаптарға жазылу барысы, жарх және тағдил ілімі, хадис терминологиясы, хадистердің тізбегі мен мәтініне байланысты жіктелуі мен түрлері сынды бірқатар дәрістер оқылды.
Ислам дінінде Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері Құран Кәрімнен кейінгі екінші орында тұрады және Ислам шариғатының негізгі қайнар көзі болып саналады.
Білім мен біліктілікті ұштауға негізделген іс-шара мешіт имамдарына арналған діни біліктілікті арттыру курсымен жалғасын тапты.
Бұл курста имамдарға тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен құран сүрелерін қатесіз оқу бойынша дәрістер жүргізілді. Курс мақсаты діни рәсімдерді атқарудағы бір ізділікті қалыптастыру болмақ. Кезекті оқу курсын 20 имам-молда тәмамдады.