Қасиетті жұмада Орал орталық мешітінің наиб имамы Ерденбек Ихсанов Сырым ауданы, Тоғанас ауылдық мешітінде «Мұсылманның мұсылман алдындағы ақысы» жайында жұма уағызын жүргізді. Аталған іс-шара ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиевтің ауыл мешіттерінде жұма уағыздарын жүргізу тапсырмасына сай іске асырылды.Наиб имам Ерденбек Жанұзақұлы көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап беріп, насихатында жүректерді оятар сүбелі сөздер айтты. Сонымен қатар имам ауылдың хал-ахуалын көріп, жамағатпен тілдесіп қайтты. ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі