Бас имам жастармен кездесті

Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы «Өркен» коворкинг орталығында жұбан елінің жастарымен кездесті.

Кездесу тіл мен дінді құрметтеуге шақырып, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлттық қасиеттерді бағалай білетін, ертеңіне сеніммен қарайтын, парасатты тұлғаларды тәрбиелеу мақсатын көздеді.

«Жастар дін мәселесіне байланысты ұстаз таңдауда сақ болып, қоғамда қалыптасқан іс-әрекеттері, жүріс-тұрыс және адамгершілік нормалар мен заңдылықтарын ұстанып, саналы әрекет етулері тиіс.

Мұндай жағдайда кез-келген адамның қателігі өзінің туған-туысқандарының өміріне әсерін тигізетінін түсінуі керек. Сол себептен де өз тарихын білу, тіл мен мәдениетті дамыту, өз халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу, отбасы институтын сақтап қалу мен ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған мұрагерлігін нығайту жастар алдындағы басты міндет» деп атап өтті Бақытжан Құралбайұлы.

Өз кезегінде жастар ойларын ортаға салып, ұстазымызға жан-жақты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Жас буын өкілдері кездесуден руxани серпіліп қалғаны сөзсіз.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған