Бас имам Ақжайық ауданында жұма уағызын жүргізді

Ақжайық ауданына жұмыс сапары аясында ҚМДБ-ның БҚОбойынша Бас имамы Бақытжан Құралбайұлы жергілікті орталық мешітте жұма намазын өткізді.Орталық мешітте жергілікті жамағатпен жүздескен Бас имам «Мұсылманның мұсылман алдындағы ақысы » тақырыбында уағыз айтты.Мұсылмандар арасында осы туыстық, бауырмалдық қатынасты сақтауда мұсылмандық ақыларды орындаудың мәнісі үлкен. Ибн әл-Араби әл-Мәлики (Алла оны мейіріміне бөлесін): «Ислам мұсылман адамдарды бір дәрежеге қойғанындай бұл ақыларын өтеуде сен де сол теңдікті сақта. Мынау басшы, мынау бай, мынау кедей, мынау пақыр деп бөлуші болма! Аз нәрсе болса да оны кішімсіме. Бүкіл исламды бір адамдай бағала! Бүкіл мұсылмандарды бір адамның денесіндей көр! Себебі мұсылмандарсыз ислам болмайды. Ол толық адам болуы үшін бүкіл дене мүшелері мен барлық ішкі және сыртқы күш-қуаты бірдей болуы керек», – деген.Кейбір даналардан: «Кімде-кім Алла үшін мұсылман бауырының алдында ақысын өтесе, Алла оған екі рет сауап жазады: өзіңе түскен ақыңды өтегенің үшін және Алланың жаратылысына сол арқылы тигізген пайдаң үшін» деген сөз жеткен.Алла Тағала сыйластығымыз бен бірлігімізді арттырып, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған