Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы арнайы іссапармен Ақжайық ауданына барды.
Сапар барысында бас имам Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетовпен кездесті.
Кездесу барысында аудандағы діни ахуал мәселесі, имамдардың әлеуметтік жағдайы, халық арасындағы рухани-идеологиялық жағдайға әсері сияқты әртүрлі сұрақтар қаралды.
Бас имам: «ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қабылданған ихсан ілімін дамыту, рухани дамуға үлес қосу бағытында Ақжайық ауданында келелі істер атқарылып жатыр. Іс-шаралардың барлығына аудандық әкімдіктің қолдау көрсетіп отырғандығына шынайы алғыс білдіремін. Алдағы уақытта еліміздің бірлігімен татулығы үшін асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау бағытында бірқатар шаралар жоспарланып отыр» дей келе, өңірдегі діни мамандардың әлеуметтік жағдайы, мешіттердің жай-күйі туралы айтып өтті.
Аудан әкімі Қалияр Шадиярұлы аймақта атқарылып жатқан рухани шараларға көңілі толатындығын жеткізіп, әрқашан бірлесе қызмет атқаратындығын білдіретіндігін жеткізді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі