Ислам – әрбір адамның құқығына кепілдік беретін және ешбір адамның құқығын таптамайтын дін болып табылады. Түрлі жамандық атаулыны жоятын ислам дінінің өзіндік ерекшеліктерінің бірі «кемелдік» ұғымын тереңірек қарастыруында. Алла Тағала адамзатты жаратты және оны өзге жаратылыстан өзге етті. Өзге жаратылыстар дүние есігін аша салып, жүруге, өз азығын табуға әп сәтте бейімделіп кетсе, адам баласының бейімделіп, өзіндік адами құндылығын қалыптастыру үшін үлкен күш – жігер талап етілетіндігі айшықталуда. Бұл туралы атақты қазақ ойшылы Мағжан Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Жер жүзінде басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы дүние есігін ашқанда өте әлсіз, зағип, әлжуаз болады. Малдың төлі туа салып аяқтанып кетеді. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіреді. Ал, адам баласы өте әлсіз, аса сараң өсетіндіктен, оның дене бітіміне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды».
Жалпы Жаратушы иеміз Адамзатты жаратып, оның дәрежесін асқақтатып жер бетіне халифа ретінде тағайындаған болатын. Бұл өз кезегінде адамзаттың мәртебиелік дәрежесі адамдық, кісілік, кемелдікке ұмтылуын көздейтіндігін білдіреді.
Адами кемелдік түрлі сипаттарда жүзеге асады. Мысалы толыққанды адами құңдылықтардағы кемелдік, ісінің кемелдігі, ой ұшқырлығындағы кемелдік. Сонымен қатар, ғибадат тұрғысында намаздағы кемелдікті де айтуға болады.
Намаз бұл ислам шариғатындағы 5 парыздың ең маңызды болған бір бөлігі. Намаз – өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ, ол – жат әдеттер мен арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық, һәм рухани азық. Сондықтан намазды дұрыс орындау – мұсылмандар үшін ең маңызды міндет.
Намаздағы кемелдікті ашықтайтын болсақ, бұл тұрғыда ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазға былайша анықтама берген: «Уа, үмбетім һәм сахабаларым! Бүкіл шарттарына сай толық орындалған намаз – Алла Тағала жақсы көретін істердің ең мәртебелісі, пайғамбарлардың сүннеті, періштелердің ең сүйкімді ісі, жер мен көктің нұры, тән саулығының қайнар көзі, ризық-несібенің берекесі, дұғалардың қабыл болуына септігін тигізетін себептердің үлкені, жан алғыш періштеге араша түсетін шапағатшы, қабір әлемінде Нәкір мен Мүңкір атты періштелердің азабынан құтқаратын жауап. Қиямет күнінде – жанға сая. Жәһаннам отына тосқауыл қоятын перде. (Қылдан жіңішке, қылыштан өткір) Сират көпірінен жарқ еткізіп өткізетін пырақ. Жұмақтың кілті. Жұмақ жұртында киер тәжің. Алла Тағала мүміндерге намаздай маңызды құлшылық жүктемеген. Егер намаздан артық ғибадат түрі болғанда, Алла Тағала құлдарына соны міндеттер еді. Шын мәнінде, періштелердің бір шоғыры ұдайы намаздың қиямында, тағы бір бөлігі үнемі рүкүғта, тағы бір тобы сәждеде, енді біреулері тәшәһһуд қалпында құлшылық етіп тұрады. Міне, осылайша құлшылықтың хикметке толы қасиеттерін бір рәкағат намазға жинақтап, мүміндерге сыйлады. Ақиқатында, намаз – иманның басы, діннің тірегі, Исламның сөзі әрі мүміндердің миғражы».
Сонымен қатар, сахабалар арасындағы намаз кемелділігінің сипаттамасын мына хадистен де мысал ретінде келтіре аламыз. Бірде Хатам Әл-Асам Юсуфтың ұлы Амр ибн Ассқа барды. Ол Хатамнан: «намазды қалай жасау керектігін білесің бе?» деп сұрады. Хатам: «Мен білемін», деп жауап берді. Амр ибн Асс тағы да сұрады: «ал оны қалай жасауға болады?деген кезде, Хатам: «намаз уақыты жақындаған кезде мен мұқият дәрет алып, намаз оқитын жерге тұрып, дайындаламын. Менің көз алдымда Қағба бар, Алла маған қарайды, ол менің жүрегімде не бар екенін біледі. Менің аяғым сират көпірінде тұрғандай, оң жағымда жұмақ, сол жағымда тозақ, артымда өлім періштесі тұр. Менің жүрегім бұл менің соңғы намазым деп санайды. Содан кейін мен шынайылықпен Алла разылығы үшін намаз оқып бастаймын. «Әлхамдулиллахты» мағыналы түрде оқимын, кішіпейілділікпен сәжде етемін, содан кейін Алладан мойынсұнып дұға етемін. Содан кейін мен отырып «Әттахиятты» Аллаға деген үмітпен оқимын. Сондай-ақ, ықласты түрде екі жағыма сәлем беремін. Алла алдында қорқу мен үміт арасында бола отырып, мен намазды тәмамдаймын», – деп жауап берген.
Алла тағала намаз туралы бұйрық түсіргеннен кейін адамдар түрлі түсініктер мен топтарға бөліне бастады. Бірінші топ намазды мүлдем қабылдамай, оған қарсы шықты, олар Әбу Жәһил және оның жақтастары, екінші топ намазды мойындайтын, алайда оның орындалуын қабылдамайтын топ, оларда (Әһлу-л Китаб), яғни Тауратқа ерушілер, үшінші топ, намазды орындайтын, алайда екі жүзділік танытатын, олар мунафықтар еді. Адамдардың тағы бір тобы намазды мойындады және оны орындауға уәде берді. Алла бұйырғандай орындады және сол сөздері мен әрекеттерінде тұрақты бола бастады. Олардың жетекшісі Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және оның артынан ерген барлық сахабалары еді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаз турасында көптеген хадистер айтқан болатын, солардың бірқатары мыналар:
قال النبي صلى الله عليه وسلم من ترك صلاة حتى مضى وقتها عذب في النار حقبا أي ثمانين سنة
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім намазды себепсіз уақыты аяқталғанға дейін оқымаса, ол тозақта сексен жыл азапталады»дейді.
ترك الجماعة ليس مني ولا أنا منه
Пайғамбар да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жамағатты тастап кеткен, яғни ұжымдық намазға бармайтын адам менің адамым емес, Мен де одан емеспін»,- дейді.
Намаз – бұл біздің ғибадатымыз, біздің Алла тағала алдындағы қасиетті міндетіміз. Намаз – біздің Жаратушымызбен тілдесе алатын жалғыз уақытымыз. Сол себепті де намазымыз мінсіз және кемел түрде болғанын әр бір мұсылман қалап, сондай түрде болуына әрекет жасауы керек.
Намазды кемелдік түрге жеткізу үшін адам баласы алдымен өз сана сезімін өзгертуі керек. Алладан келген бұйрық екенін толыққанды сезініп, осы жолда бірнеше дағдыларды қолға алу қажет. Мысалы:
- Сананы өзгерту
Терезеден бақшаға және ағаштарға қарап, біз оның қанша жаста екенін және адам өмірі қаншалықты қысқа екенін ойлау арқылы, өлімді еске алу. Өмір өлім тынысымен аяқталатын шектеулі уақыт кезеңі. Біз өміріміздің әрбір сәтін бағалай отыра, өміріміз бен құлшылығымызды тарылтпау қажеттігін сезінуге тырысуымыз қажет. Ол үшін сананы өзгертіп, өз-өзінің теріс іс-әрекеттерін жеңуі міндетті.
Намаз-бұл ақыл-ойды тәртіпке келтіретін, бәрінің басымдылығына, сананың өзгеруіне назар аударатын күнделікті тәжірибе: жақсы адам болу бұл -біздің күнделікті өмірімізде жақсылық үшін қолдан келгеннің бәрін жасау және мәңгілік өмірге дайындық. Ол біздің тағдырымыздағы қайықты бастайтын маякқа ұқсайды. Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілі мен сәлемі болсын): «егер намаз берік болса, онда қалған істер берік болады. Ал егер ол нашар орындалса, қалған істер жаман болады». - Мойынсұну мен бағыну үмітсіздікке жол бермейді.
Біздің миымыз эмоцияларға толып, қайнай бастайтындай бос және шиеленісті кездер көп болады. Бірақ ол тахарат (дәрет) ала бастағанда, бетімізге тиген «тахарат» суының шашырауымен бұл шиеленіс басылады, ал намаздың өзі бізді сергек және серпінді жүруімізге көмектеседі.
3.Біз Алла тағаланың еркіне сүйенеміз және бұл біздің үмітімді үзбейді.
Ойланбаған әрекеттер жағдайды нашарлатуы мүмкін. Намазға бөлінген уақыт пен ниет үмітсіздік пен тұрақсыз ішкі күйден арылуға көмектеседі.
Адамның мойынсұнушылықты растауға және Алла Тағаладан көмек сұрауға мүмкіндігі бар. Намаз үмітсіздікке жол бермейді. Бірақ дүниелік уайымдар мен істер бұл жұбаныш беретін ойды қайта-қайта жасыруға тырысады. Бірақ біздің намазға күніне бес рет уақыт бөлуіміз бізді әлемдегі ең құдіретті және маңызды нәрселер туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Мен өзіме және сізге ең жақсы мұсылман болуды тілеймін. Бұл мақсатқа жетудің ең жақсы тәсілі – намазды үнемі жетілдіру, кемелдендіру және оның мағынасын түсіну. Әрине, бұл әрқашан оңай емес. Бұл нағыз мұсылмандар үшін сынақ бұл тұрғыда Құранда былай деп келтіріледі:
«Сабыр және намазбен жәрдем тілендер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді»(2:45).
Кенжин Ерлан Аютович
«Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы