Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин
Алла Тағала он сегіз мың ғаламды жаратқанда, сол жаратылыстың ішіндегі ең кереметі етіп адамды жаратқаны сөзсіз. Ал сол адамзаттың өсіп-өнуі, көбеюінде ата-ана дәнекер болатыны ақиқат. Адам баласының өміріндегі ең баға жетпес құндылығы, қазынасы – ата-ана. Сан мың ғасыр өтсе де, өшпес, дамылдамас ұлы махаббат бар десе, ол әке мен ананың балаға деген ыстық ықылас, риясыз көңілі, тап-таза пейілі болар еді. Жарық дүниеде ештеңе орнын толтыра алмас бір нәрсе бар десе, ол да ата-ананың аялы алақаны, жылы жүрегі, мейірімді жанары болса керек.
Ата-ананың қадірі асыл дініміз Исламда да лайықты бағаланғанын анық ұғынамыз. Өмірде үш дұға үнемі қабыл болады екен. Соның бірі – ата-ананың ұрпақтары үшін жасаған дұғасы. Бұл туралы: «Ата-ананың баласына жасаған дұғасы міндетті түрде қабыл болады», – дейді. Расында да, аласапыран дүниеде ешқашан жамандық тілемейтін жандар ата-ана екеніне өмірдің өзі дәлел бола алады. Құран аяттарында әке-шешеге жақсылық жасау үнемі абзал іс саналады. Әке мен анаға жасаған жақсылықтың сауабы сан мың есе екенін «Алланың разылығы – ата-ананың разылығы» деген хадистен-ақ көрініп тұр.
Керісінше, ата-ананы сыйламау дінде ең ауыр күнәлар қатарына жатады. Демек оларға құрметпен, жауапкершілікпен қарау міндеті балаға жүктелген. Сондықтан да Ұлы Жаратушы ата-анаға лайықты дәрежеде құрмет пен жақсылық жасауды Өзінен кейiнгі кезекке қойған. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Раббың тек қана өзіне құлдық жасауды, әке-шешеңізге жақсы қарауды бұйырды. Ал егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде қартайса, оларға «үһ» деп те айтпа. Сондай-ақ, оларға зекіме және оларға сыпайы сөйле. Мейіріммен оларға құшақ жайып оларға былай деп дұға жаса «Уа, Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр», деген.
Бұл аятта әуелі Аллаға серік қоспауды бұйырғаннан кейін, қоғамдағы жеке адамдардың жауапкершіліктеріне тоқталып, Алладан кейінгі кезекте ата-ананың ақысы бар екені еске салынып, оларға жақсы қарауды бұйырған.
Шаңырақтың негізі-ата-ана. Адам бойындағы жақсы да жаман қасиеттердің бəрі ата-анадан. Оның ішінде тəрбие əкеден болғанымен, ана əрқашанда басым болып тұрады. Өйткені, ананың тілі, ананың мейірбандығы, ананың махаббат сезімі, ақ көңілі,толассыз мейірімділігі бəрі-бəрі адамға ана құрсағында жатқанда-ақ дарыды, ананың ақ уыз сүтімен бойға сіңіп, болмысымызға тарады.
Тіпті бұны ең білікті ғылым салалары да,ақындарда сөзсіз дəлелдеп отыр. Бұрынғы ата-бабаларымыз өмір сүрген заманда ананың осы бір абзал қасиеттерін ертеден-ақ білген екен. Сондықтанда шығар қазіргі болашақ ұрпақтың сай тасындай салауатты, саңлақ болып өсуі. Батыр да, бағлан да, көсемде шешен де, данышпан да барлығы əке мен анадан жаралды. Бірақ ана емеспе? Тоғыз ай құрсағында көтеріп, кейін төрт ұйқысын төрт бөліп, бесік жырымен əлпештеп, бізді үлкен адам ретінде мына бір өмірге қалыптастырған. Сондықтан да болар-ау,қазақ ана парызын əке парызынан əлдеқайда жоғары қояды. Біз əрқашанда ата-анамызға сол бір сəби қалпымызда қаламыз. Əке-шешеге деген біздің атқаратын парызымыз ешқашан бітпейді.»Ата-анаңды көтеріп, Меккеге үш барып, үш келсенде,перзенттік парызыңнан құтыла алмайсың»деудің өзі «ата-анаға мəңгі бақи қарызсың» дегенді аңғартпайма?! Сол үшінде ата-анаға жасаған істерімізді, көмектерімізді міндетсінбеуіміз керек. Ата-ана біз үшін қолдарынан келгенше бағып-қағып,қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Осы жолда біз үшін барын жұмсайды. Тіпті өзінің жаның беруге де даяр тұрады. Бірақ уақыт шіркін əрқашан озады емеспе?! Осы бір күйбең-тіршілік, бала-шағаның қамы, ата-ананы тез қартайтып, қауқарсыз күйге түсіреді. Кейінен əкеміз бен анамыздын қара шаштарының арасынан жаңа түскен қардай ақ басқанын, жүздерін əжім көлеңкелегенін байқап,ажарларын уақыт ұрлап бара жатқанын аңғарамыз… Еңсені езген, тағдырыдың ісіне сыр бермей,балаларына білдіртпей барынша бақытты да ұзақ өмір сүруге тырысады. Бірақ қазір адамдар ата-ананың қадірін білеме? Иə,көпке топырақ шашпаймын. Ата-анасын бағып қағып, бар қалған уақытын немере шөберелірімен өткіздіріп, жүздерін жадыратып, разылығын, алып жүрген ұл-қыздарда аз емес. Дүние кезек деген барғой, енді ата-анасы баласына сəби болып, Жаратушы иенің аманатын, арқалау міндеті перзентінің мойнына жүктеледі. Жаңа жоғарыда айтып кеткенімдей, адамдар,ата-ананың қадірін біле ме? Ащы шыңдық болса да айтайын, себебі, қазір ата-анасының қадірін білмейтін балалар көп… Оған дəлел,қоғамдағы барлық адамдар өз ата-анасының қадірін біліп, бақытты етсе, əлпештесе, онда Қазақстанда»Қарттар үйі»болмаушы еді… Бұрын-соңды, əке-шешесін Қарттар үйіне тапсыру, далаға тастау, қаңғытып қайыршы қылу деген жаман əдет болмаған еді. Қазір қатыгез адамдар көбейіп кеттіме? Әлде қоғам жауыз болдыма? Білмеймін… Əйтеуір жылдан-жылға «Қарттар үйі»ашылып, ішін сəбидей жаутаңдаған қауқарсыз қарттармен толтырып қойдық. Бұл саналы деген ұрпақтарымыздын сана-сезімінін құлдырауының белгісі емес пе?! Менің ойымша, ең бірінші ұрпағында ата-анаға деген құрмет болуы керек. Кейін сыпайылық, сүйіспеншілік, мейірімділік төгіуіміз қажет. «Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада» деп бекер айтылмаған. Бала өскенен кейін менің жеке өмірім, жеке ойым бар деп анасына қарсылық білдіріп шығады. Сол уақытта анаға жұбаныш болатын жан əрине жары. Сондықтанда, ананың қасына əкені жіберген. Бір сөзбен айтқанда, өмірлік жолдас. Не үшін «Ата-ана»деп бірге осы екі сөзді қосып айтамыз? Осыған дейін бұл сауал сіздерді мазалмағанда шығар. Менің пікірімше, бұл сөздердің астында үлкен мəн-мағына жатыр. Олар өмірдің тəттісін де,ащысын да бірге татып, бірге бөлісуі үшін,бір-біріне қорған, жұбаныш, арқасүйері болу үшін құдай оларды табыстырды деп ойлаймын. Бірақ барлық тіршілік иесінің басына келетін өмірдің тосынан келген, сыйы екіге айырады. Адам өмірде мəңгілік емес,бүгін бар ертең жоқ деген секілді. Өмірлік серігін, жұбанышын жоғалтқан жан қайғылы күндердің қойнауына енеді. Ол үшін бұл өмір қаңсырап, қалған бос дүниедей көрінеді. Осындай кезде қауқарсыз күйге түскен əкелерімізге немесе аналарымызға баласы ретінде қолдау көрсетуіміз қажет. Керісінше, жығылған үстіне жұдырық болып, оларды қарттар үйіне жіберіп немесе көшелерде қаңғыртып, қайысқан қабырғасын қаңсыратып, жіберетін дүниеге құмартып, көздері көрмей жататын жандарда мына ғасырда кездесіп жатады. Сол уақытта олар өздерін мына əлемде ешкімге керек еместей сезінеді, ең ауыр күндерді басынан өткізеді. Айналасынан қайғысын бөлісетін дос іздейді. Өмірінің үмітіне айналған баласының өзіне көңіл бөлгенін қалайды. Немерелерінің басынан иіскеп, қайғысын сейілтуге тырысады. Қартайған шағында əке де ана да,көңілшек боп, жан-жарынан айырылып, қауқарсыз сəбидей қорғансыз күйге түседі. Ендеше,қадірменді жамағат, осы қысқа өмірде қолдағы қазынамыздың қадірін білейік!
БҚО, Бәйтерек ауданы “Жұбан Молда” аудандық мешітінің Бас имамы Алмат Әмірұлы