ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тапсырмасы аясында Орал қаласындағы Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы мешіті мен Батыр Тәжіденұлы мешіті «Мектепке жол» атты акцияға атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған 40 жасөспірімдерге берілді.
Балаларын жетектеп келген ата-аналар алдында «Батыр Тәжіденұлы» мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы құттықтау сөз алса, Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы мешітінің наиб имамы Серік Қайратұлы барша қауымды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Ислам дініндегі оқу, білім алу турасында айтылған өсиеттерге, дана бабаларымыздың сөздеріне тоқталып, тұщымды уағыз айтты.
Имамдарының ұйытқы болуымен демеушілер арқылы жаңа оқу жылы қарсаңында 40 отбасы балаларына мектеп сөмкелері таратылды.
Әлбетте әрбір сөмкеде оқу құралдары (дәптерлер, қалың дәптер, оқушы күнделігі, қаламсап, әртүрлі қарындаштар, ұштағыш, өшіргіш, т.б.) толтырылған. Бұл шара қыркүйек айының соңына дейін жалғасын таппақ.
Баспасөз қызметі