Сауат ашу курсы басталды

Оқушылардың жазғы демалысына орай ҚМДБ бастамасы негізінде жыл сайын еліміздегі мешіттерде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылды.
Бастама аясында Ақжайық төрінде «Ар-Рахман» мешітінде жыл сайын 450-ге жуық оқушы білім нәрімен сусындап, уақыттарын пайдалы өткізіп келеді.

Алдымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлы сөз алып балаларға екі дүниенің білімін жинап, елдің азаматтары мен азаматшалары болып, ата-ананың,ұстаздардың мақтанышы болыңыздар деп ақтілегін жеткізді. Орал қаласындағы «Ар-Рахман» мешіті мен Орал-медресе-колледжінің 10-25маусым аралығында «Имани жаз 2024» жазғы сауат ашу курсы басталды.

Қазіргі уақытта курсқа қабылдау жұмыстары жүргізілді. Курсқа 10-15 жас аралығындағы оқушылар қатысады. Барлығы 300 ұл, 150 қыз шәкірттер болса, 30 ұстаз еңбек етуде.
Қала, аудан, ауыл мешіттерінде өз жалғасын таппақ.

Курс аясында оқушыларға «Имандылық әліппесі», «Құран әліппесі» кітапшалары беріліп, осы сабақтар негізінде білім алатын болады.

Баспасөз қызметі