QURBAN-2024 ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасың жылдағы дәстүрге сай QURBAN-2024 онлайн құрбан шалу жобасын іске асыру бойынша жауапты мамандардың жиыны өтті.

Жиналысқа ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан, өкілдік тарапынан техникалық мамандар мен «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері қатысты. QURBAN-2024 жобасы, биылғы құрбан айт кезіндегі сайт жұмысы талқыланып, мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, келер аптада qurban2024.kz сайты іске қосылатынын және қосымша ақпарат берілетіндігін жеткіземіз.