БАС ИМАМ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАП, ДҰҒА ЖАСАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша бас имамы Самат қажы Қанатқалиұлы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнайы Құран бағыштап, дұға жасады.

Жұма күнінде қарсаңында Қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, зұлмат күндерде бақилық болған бабаларымызға Алладан кеңшілік, рақым тіледі.

«Келер жылы да, жақсы күнге төрт көзіміз түгел жетуді нәсіп етсін! Бірлігіміз, татулығымыз, тұрақтылығымыз баянды болсын! Алла Тағала халқымызға бірлік берсін! Құдай Тағалам біздің халқымыздың әр кезеңде жүрер жолы, бағдаршамы, қоғамның рухани тірегі болған дінімізге қуат берсін.
Кешегі зұлмат заманда, нәубет күндерде жазықсыз кеткен, құрбан болған бабаларымызды Алла Өзі рақымына алсын! Пайғамбарымыздың шапағатында болсын! Құдай Тағала енді біздің ұлтымыздың, халқымыздың болашағын ондай нәубеттен сақтасын! Жарық күніміз баянды болсын! Ел аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деп, еліміз бен жерімізге дұға тіледі.

Шараға ел ағалары, дін істері басқармасының басшысы Талғат Рақымұлы, имамдар, зиялы қауым өкілдері қатысты

Баспасөз қызметі