АҚЖАЙЫҚ ИМАМДАРЫНА «КӨРКЕМ УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін Орал шаһарындағы «Достық» үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында имамдарға арналған «Көркем уағыз айтудың әдебі» тақырыбында имамдарға арналған аймақтық семинар өтті.

Семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы қатысып, көркем уағыз айтудағы жауапкершілік, уағыз айту барысында көркем сөйлеу мен ой-пікірді дәйекті сөздермен жеткізу жайлы және тағы басқа да мәселелерде жамағатқа Ислам құндылықтарын жеткізудегі әдістемеге тоқталды.

Жиналған имамдар мен дін қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алынды. Семинарға облыс, қала, аудан имамдары қатысты.