Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын! Баршамызды ораза айтқа аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын! 

Қадірлі қауым!

Сіздерді исі мұсылманның ұлық мейрамы – ораза айттың келуімен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын!

Қасиетті Рамазанның аяқталғанын білдіретін мейрамда, жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайтын сәулелі сәтте сіздерге, отбасыларыңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілеймін. Жаратқан жар болсын!

Алла Тағала отыз күн бойы ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, орынды себептермен ауыз бекіте алмай қалған жандардың қайырлы амалдарын қабыл еткей!

«Айт» сөзі – мерекелеу, хал сұрасу, бір-бірін қуанту, қуанышқа топталу, қарымта деген мағынаны білдіреді.

Жаратушы Жаббар Иеміз: «…Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…»  – деп сүйінші хабар жеткізген. Жаратушы Иеміз барша мұсылман қауымның қуанышын арттырғай!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айында еліміз бойынша қайырымдылық жобаларды жүзеге асырды. Сауаптар еселеніп жазылатын берекелі айда игі іске атсалысқан еріктілерге, демеуші азаматтар мен жомарт жандарға риясыз ниетпен айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!

Ораза айт – отбасылық мереке. Мейрам күні сыйлық беріп, қуанышқа бөлеу – сауапты іс. Көмекке мұқтаж адамға қайырымдылық жасау да сауабы мол амалдың бірі.

Өздеріңізге белгілі, еліміздің бірнеше аймағында болып жатқан көктемгі су тасқыны жергілікті ағайын-жұртты үрейлендіріп, үлкен әбігерге салуда. Үйі мен мал-дүниесінен айырылған отбасыларға мемлекетіміз тиісті көмек көрсетуде.

Осы ретте барша мұсылман қауымын Ораза айт күндері сынақты күндерді бастан кешіп жатқан жұртымызға қол ұшын беріп, жүректеріне қуаныш ұялатуға шақырамын. «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деп халқымыз айтқандай, ізгі істің сауабы еселініп, қайырын өздеріңіз көріңіздер.

Ораза айт мерекесі құтты болсын! Раббымыз дұға-тілегімізді, қасиетті айда жасаған қайырлы істерімізді, берген зекет пен пітір садақамызды қабыл еткей!

Әр отбасына амандық, жақсылық, құт-береке тілеймін. Оразадан оразаға дейін аман-есен жете берейік! Алла Тағала қазақ даласын түрлі табиғи апаттардан сақтағай. Сынақты сәттерді бастан кешіп жатқан жерлестерімізге Жаратқан Иеміз жар болғай. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әмин!

Наурызбай кажы ТАГАНУЛЫ, 

Председатель ДУМК,  Верховный муфтий

С ПРАЗДНИКОМ ОРАЗА АЙТ!

С именем Аллаха Милостивого и Милосердного! Вся хвала принадлежит Аллаху Господу миров. Да благословит и приветствует Аллах нашего Достопочтенного Пророка Мухаммеда! Хвала Всевышнему Аллаху за то, что Он дозволил всем нам благополучно встретить Ораза айт!

Дорогие мусульмане!

Искренне поздравляю вас с великим праздником мусульман – Ораза айт! Айт қабыл болсын!

 В праздник, ознаменующий завершение священного месяца Рамазана, а также в этот светлый момент, наполняющий сердце добротой и радостью искренне желаю вам и вашим семьям благодати и здравия Всевышнего. Пусть Всевышний дарует благословение!

Пусть Всевышний примет наш пост, который мы соблюдали в течение тридцати дней, а у тех, кто по определенной причине не смог соблюсти пост пусть Аллах примет их благие деяния!

 Слово «Айт» означает праздновать, приветствовать, радовать друг друга, радоваться, отвечать взаимностью. 

Всевышний Аллах говорит: «…Они постились ради Меня, и Я воздам за это, с Моим дозволением разговляются, пусть они пребудут в радости…». Пусть Всевышний приумножит радость всей мусульманской уммы.

Духовное управление мусульман Казахстана реализовало благотворительные проекты по всей стране во время священного месяца Рамазан. Особую благодарность хотелось бы выразить волонтерам, спонсирующим гражданам и щедрым людям, принявшим участие в добром деле в благословенный месяц, когда награды умножаются. Пусть Всевышний будет доволен вами!

Ораза Айт – семейный праздник. Поэтому радовать близких и родственников вниманием и подарками является желательным поступком. Особенно оказывать поддержку и благотворительность нуждающимся  является одним из благих дел.

Как известно, весенние паводки, происходящие в ряде регионов страны, представляют опасность местному населению и создают массу неприятностей. Наше государство оказывает соответствующую  помощь семьям, потерявшим жилье и имущество.

В этой связи, я призываю всю мусульманскую общину протянуть руку помощи нашему народу, который переживает трудные дни и подарить надежду во время Ораза айт. Как говорят в нашем народе: «Проявишь благотворительность, сам увидишь благо», поэтому по возможности стремитесь к проявлению добра и помощи.

С благословенным праздником Ораза айт! Да примет Всевышний Аллах наш пост, наши молитвы, закят и наши пожертвования!

Желаю благополучия, здравия и счастья каждой семье. Пусть Всевышний дарует благополучие до следующего Рамазана! Пусть Всевышний убережет нашу страну от природных бедствий! Пусть Всевышний дарует облегчение и силы нашим соотечественникам, переживающим сейчас трудный период! Да хранит Аллах нашу страну и народ! Амин!