Ақжайық төрінде “ Ар-Рахман” орталық мешітінде
мерекелік Айт намазы оқылды.
Орал мешіттерінде ораза айт намазы жергілікті уақыт бойынша сағат 07.45-те басталды.
Алдымен қасиетті құран аятымен басталып, ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлы Ораза айт мерекесімен құттықтап, айт намазын оқыды.
Ұлық мерекеге еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін барша мұсылман мешітке бет алып, ораза айт намазын оқып, қуанышқа бөледі.
Мерекелік намаздан кейін мұсылмандар «Айт қабыл болсын!» деп бір-бірін құттықтады.
«Мұсылмандардың екі негізгі мейрамының бірі – Ораза айт күндері үй-үйлерде мерекелік дастарқан жайылып, ағайын бірін-бірі аралап, айтпен құттықтайды.
Бұл күні балаларға тәтті-дәмділер мен сыйлықтар таратып жатса, нұр үстіне нұр болады.
Бас имам “Ақжайық” телеарнасына сұхбат берді.
Ораза айт қабыл , мұрат асыл болсын, жамағат !
Баспасөз қызметі