РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАҒЫ 50 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕРІЛДІ

ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық қоры» ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» акциясы аясында тағы 50 отбасыға азық-түлік таратылды.

Жалпы «Рамазан қоржыны» акциясы еліміз бойынша жыл сайын ұйымдастырылады. Мұндағы мақсат көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған және асыраушысынан айырылған отбасыларға көмек қолын созу. Қоржындар жоғарыда аталған санатқа жататын отбасыларға беріледі. Оның ішінде ұн,қант, өсімдік майы, шай, макарон және тәттілер сияқты бірінші қажеттіліктегі тауарлар бар.

Қайырымдылық акциясына “Зекет және қайырымдылық” қорының өкілі Наурыз Убаев қатысып, тұрғындарға жылы лебізін білдірді. Көпбалалы аналар олар үшін әрбір көмек маңызды екенін айтып отыр. Осы ретте игі шараны ұйымдастырған «Зекет және қайырымдылық қорына» алғыстарын жеткізді.

Алдағы уақытта «Рамазан қоржыны» акциясы Орал қаласындағы және Батыс Қазақстан облысына қарасты барлық мешіттерде жалғасын табады.
Баспасөз қызметі