Кеше Астанадан ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданына арнайы барып, су тасқынынан зардап шеккен ел-жұртпен жүздесіп, Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, сабырлық турасында рухани уағыз айтып, қиыншылықта көмек беруге дайын екенін жеткізді.
Онда тасқыннан зардап шеккендерге азық-түлік, қажетті тұрмыстық заттарын әкеліп, Қаратөбе өңірінің жұртына табыстады.
Сондай-ақ қор басшысы елдің әр түкпірінен имамдардың қолдау көрсетуімен елдің әр тарапынан гуманитарлық көмектің келіп жатқандығын жеткізді.
Сондай-ақ, алдағы уақытта қажеттіліктерді дер кезінде жеткізіп, қолдан келетін көмекті беретіндіктерін жеткізді. Әр адаммен жеке сөйлесіп, хал-жағдайларын білді.
Қаратөбе ауданының тұрғындары ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына шексіз алғысын айтып, имандылық қызметтеріңізге береке берсін деп ақбаталарын берді.
Баспасөз қызметі