ҚМДБ – Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, қасиетті айда «Рамазан қоржыны» қайрымдылық акциясы өтуде. Жалпақал мешіті ұжымы ұйымдастырумен 50- отбасыға қайырымдылық қоржыны табысталды. Қасиетті Рамазан айы халықты бірлікке үндейтін, қайырлы істер жасау арқылы Аллаға жақындататын берекелі ай. Рамазан айында сауаптар еселенеді, осы мүмкіндікті пайдаланып мешіт жамағаты өздерінің үлестерін қосып, қайырымды істер жасауда. Алла ықылас ниеттерін қабыл етсін, қайырымдылық іске атсалысқан жандарға сауаптан жазсын – деп атап өтті Жалпақтал мешітінің бас имамы Тілек қажы Ахмеджанұлы
ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ