СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛДЫ

Көктем шығып, қар еріп, ел жайлауға қамданған шақта құрбан шалынып, ауыл- елді оттан- судан, пәле-жәледен қорғау мақсатында құран бағышталып, ел- жұртқа арнайы ас берді. Жалпақтал ауылының қақ ортасынан жарып өтетін «Қараөзен» тасып, тұрғылықты халықты бейжай қалдырмады. Аллаға шүкір су қатты келіп, алдын ала қамданған ауыл азаматтарымыздың бірлігі арқасында тасқын су көл, сай салаға толып, жаймаға шығып, арнасымен ағуда. Жалпақтал тұрғындары атынан мал сойылып Алла ризашылығы үшін садақа берілді
ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ