Қайырымдылық шарасы

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, “Ар-Рахман” орталық мешіті мен БҚО бойынша “Зекет” қорының қолдауымен су тасқыны зардабын көрген елді-мекен тұрғындарына арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Қасиетті жұмада жеке кәсіпкерлер, мешіттің имамдары мен жамағаттары бірігіп, азық-түлікпен, киім-кешекпен тұрмыстық қажеттіліктерді орталық мешіттің алдында тұрған жүк көлігіне тиеді.

Бас имам Самат Алибаев қиындықта сабыр етуге шақырып, елдің жомарт азаматтары мен мешіттің жамағаттарына шексіз ризашылығын жеткізді.

Одан кейін бас имам республикалық “Хабар”, “КZ-24”, “Қазақстан“ телеарналарына сұхбат берді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Баспасөз қызметі