Бүгін Орал қаласындағы “Ар-Рахман”орталық мешітінде ҚМДБ республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Нұралы Бақытұлы жұма уағызын жүргізді.
Іс-сапармен келген РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы «Мұсылман -мұсылманның қамқоршысы » тақырыбында уағыз айтып, елді бірлікке, ынтымаққа шақырды. Сондай-ақ, биылғы жылы ҚМДБ тарапынан «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп жария етілгендігін айрықша атап өтті. Жұма намазы барысында облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлына жамағат атынан алғысын білдірді. Жұма намазын жамағатпен оқып, бірге ел тыныштығы мен бірлігі үшін бата жасады.
Баспасөз қызметі