ҚМДБ – төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, қасиетті айда «Рамазан қоржыны» қайрымдылық акциясы өтуде. Осы игі бастама Жалпақталда тұратын Зағип және көзі нашар көретін жандарға «Рамазан қоржыны» табыс етілді. Көзі көрмеседе жүрегі сезгіш, жанарында кінәрат болғанмен енбегінде мін жоқ, тағдырдың түрлі тауқыметін бастан кешкен елдің дамуына өз үлестерін қосқан азаматтар. Осы қасиетті Рамазан айында осы Зағип жандарды елемеуге болмайды – деді Жалпақтал мешітінің бас имамы Тілек қажы Ахмеджанұлы. Зағип жандар бас имамның келіп, қалімізді біліп жылы тілегіне ризашылықтарын білдіріп алғыс айтты
ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ