МЕШІТТЕРДЕ «БІР МЕЗЕТТЕ БІР ДҰҒА» ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Бір мезетте бір дұға» игі бастамасына еліміздің барлық өңірінде мешіт имамдары мен жамағаты үн қосып, су тасқынына байланысты Құран оқып, дұға жасады.

Атап айтқанда, жамағатпен бір мезетте дұға жасау облыс, қала, ауданның мешіттерінде құптан намазы алдында ұйымдастырылды.

Имамдар жамағатпен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге жеңілдік тілеп, Алла Тағаладан елдің амандығы мен тыныштығын сұрап дұға тіледі.

Баспасөз қызметі