БАС МҮФТИ АБУ ДАБИДЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу Дабиде өткен IX халықаралық бейбітшілік форумына қатысты.

БАӘ Пәтуа кеңесінің ұйымдастыруымен «Соғыстың жаһандануы мен әлемдік бейбітшілік: қажеттіліктер мен серіктестіктер» тақырыбында өткен халықаралық форумда әлемдегі сын-қатерлер, соғыстар мен терроризм қаупі, азық-түлік жетіспеушілігі, қоршаған ортаның ластануы мен денсаулыққа төнетін қауіптер т.б түйткілді мәселелер сөз болды.

Айта кетейік, халықаралық форум БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі, жоғары мәртебелі шейх Абдулла ибн Зейд әл-Нахаянның тікелей қолдауымен осымен тоғызыншы рет өткізіліп отыр.