Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, облыстық “ Ар-Рахман” мешітінің бас имамы Самат Алибаев пен БҚО бойынша “Зекет” қорының өкілі Наурыз Убаев арнайы барып, көмек қолын созды.
ҚМДБ-ның БҚО-ның ұйытқы болуымен Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин елді мекенінде болған су апаты салдарынан зардап шеккен аймаққа асар ұйымдастырылды.
Бір атаның балаларындай біріккен облыс, қала мешіттерінің имамдары мен медресе шәкірттері, мешіт жамағаттары қазақтың асар дәстүрімен көмекке шықты.
Одан Теректі ауданы, Подстепный ауылындағы су тасқынына да көмектерін берді. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, әкімшілік және ТЖД қызметкерлерімен қатар облыстық “Ар-Рахман” орталық мешіті бастаған Теректі ауданы , Подстепный ауылындағы мешітінің бас имамы Ерлан Кенжин қолдап, ыстық палау, азық-түліктер мен киім- кешекпен, тұрмысқа қажетті заттарды әкелді.
Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады»,- дейді. ұйытқы болуымен Теректі ауданына қарасты Подстепный елді мекенінде болған су апаты салдарынан зардап шеккен аймаққа көмектерін берді. Әлі де жалғасын таппақ.
Бір атаның балаларындай біріккен қала мешіттерінің имамдары мен мешіт жамағаттары қазақтың асар дәстүрімен көмекке шықты.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Баспасөз қызметі