ҚМДБ – төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, қасиетті айда «Рамазан қоржыны» қайрымдылық акциясы өтуде. Осы игі бастама Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, қарттар үйінде де жалғасын тапты. Жалпақтал мешітінің бас имамы дінтанушы, теология ғылымының магистірі, Тілек қажы Ахмеджанұлы бастап барған дін қызметкерлері қарттарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, қариялар мен ақ жаулықты аналарға Алладан берекелі ұзақ ғұмыр және денсаулық тіледі. Қарттар үйіндегі қарияларға дастархан жайылып «Рамазан қоржыны» табысталды. Жалпақтал өнер мектебінің ұстаздары бастап келген күйшілер, жыршылар тобы қарттардың көңілін көтеріп, рухани әсем күй мен жыр шумақтарын шертті. Қазыналы қарттарымыз бас имамның Рамазан айының ішінде келіп ауыз аштырғанына ризашылықтарын білдіріп, қуанып, батасын берді. Кездесу соңында қарттар үйінің директоры Утегалиев Нұрлан Серікұлы мешіт ұжымына жылы лебізін айтып, алғысын білдірді.
ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ