АҒЫНАН АҚТАРЫЛУ
Батыс ойшылдары Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар туралы.
«Мен мынаны мойындаймын; Мұхаммед(сғс) – ғажап бір күш. Жаратушы мұндай кісіні екінші рет жарата қоймас. Ей, Мұхаммед(сғс), сенің замандасың бола алмағаныма қатты өкінемін. Өзің таратқан мына кітап сенікі емес. Ол Құдайдікі. Бұл кітаптың Аллаһтан екенін мойындамау – ғылымды түгелдей жоққа шығарғанмен бірдей күлкілі нәрсе. Адамзат баласы сен секілді ғажап адамды бір-ақ рет көрді, ендігәрі көре алмас. Мен сенің алдыңда құрметпен бас ием»
Пренс Отто Вон Бисмарк.(1815-1898)Германия мемлекетінің бірінші канцлері,саясаткер.
«Саған жапқан жаламыздың бәрі шындығында біз үшін өте ұят. Ол – жаны жайсаң, тұлғасы биік, барынша байсалды жан. Мақсаты – дүниені жарыққа бөлеу болды. Өйткені, мұны Жаратушының өзі оған бұйырған».
Томас Карлейль.(1795-1881) Ағылшын жазушысы,тарихшы,публицист,философ.
«Мұхаммедтің(сғс) ақыл-парасаты патшалық сән-салтанаттың өзін түкке тұрғысыз, өте қарабайыр деп білді. Аллаһтың елшісі өз отбасында қызметші секілді от жағып, үй сыпырды, қой сауып, киімдері мен аяқ киімдерін өзі тікті. Мемлекет әрі дінбасы екенін «ұмытып», таза табиғи қалпынан аумай-ақ, тақуа ғұмыр кешті».
Эдуард Гиббон.(1737-1794) Ағылшын тарихшысы.
«Ол мемлекеттің де, мешіттің де басшысы. Бір өзі Цезарь, бір өзі Папа десе болады. Бірақ бітімі бөлек. Папаның жасандылықтарынан аулақ Папа, арнайы қорғаушысы, тұрақты қарулы әскері, полиция күші, не тұрақты кірісі жоқ Цезарь. Егер тарихта қай жағынан алсаңыз да, Құдайлық негізге сай үкім берген бір жан болса ол сөзсіз Мұхаммед(сғс) болып шығады. Өйткені, ол ең мықты бола тұра күштілікке елеусіз қарады. Өмірі қаншалықты қарапайым болса, халықтың арасында да сол әдетінен айныған жоқ.
Мұхаммедтің (сғс)дінінде барлық нәрсе басқаша. Ол жайындағы тарихи мәліметтер көлеңкелі, қалтарыс-бұлтарысты емес, барынша айқын. Оның өз міндетін бастауындағы ішкі жағдаяттары да бізге жақсы аян, өйткені, оған ешқандай күмән келтірілмейтіндігі Құран арқылы қуатталған».
Реверед Босуорт Смит.
«Егер мақсаттың ұлылығы сайманның аздығы, нәтиженің таңғаларлығы, адам данышпандығы арқылы өлшенетін болса, жаңа кезеңде Мұхаммедпен(сғс) кім теңесе алады? Мұхаммед(сғс) – философ, шешен, елші, тапқыр. Адамның ұлылығын анықтайтын өлшемдер шеңберінде қарастырып көрейікші, одан өткен ұлы адам бар ма?» «Ұлылардың ұлылығы немен өлшенсе өлшенсін, бірақ хазіреті Мұхаммедтің (сғс)ұлылығынан ұлық пенде жоқ»
Альфонс де Ламартин.(1790-1869) Француз ақыны.
«Алдағы жүз жылдықта Англияны, жо-жоқ, бүкіл әлемді жайлайтын бір дін болса ол – Ислам болуы мүмкін. Кісі таңғаларлық шапшаңдығы үшін мен Мұхаммедтің(сғс) дінін өте жоғары бағалаймын. Бұл дін тұрмыстың барлық жағдайларына бейімделе алатын, қай ғасырға да сай дін ретінде көзге түсуде. Ол ғажап кісіні мен зерттедім. Оны адамзаттың құтқарушысы деп білген жөн. Дәл сондай бір адам қазір әлемді басқарса, бейбітшілік пен татулықты орнықтыра отырып, барлық мәселелерді шешер еді. Мен былай топшылаймын: Мұхаммедтің(сғс) сенімін ертеңгі Еуропа қабылдайды, оны тіпті бүгінгі Еуропаның өзі қабылдай бастағаны белгілі»
Бернард Шоу.(1856-1950) Ағылшын жазушысы,драматург,әдебиет саласында Нобел сыйлығының иегері,роман жазушы.
«Әлемге үлкен өзгеріс әкелген адамдардың ең алдыңғысы ретінде Мұхаммедті(сғс) қоюыма кейбір оқырмандарым таңғалуы мүмкін. Алайда, тарихта рухани әрі материалды салада бірдей жетістікке жеткен адам жалғыз ғана Мұхаммед(сғс) екені даусыз. Мұхаммедтің(сғс) Исламға деген ықпалы Иса Мәсіх пен Қасиетті Павелдың Христиан дініне жасаған ықпалынан әлдеқайда басым. Мемлекет жүйесі мен дін жүйесін қатар түйістіре білуінен-ақ, оның тарихтағы ең ықпалды тұлға екенін көреміз».Мен жасаған адамзат тарихындағы ұлы тұлғалардың сараптамасында алғашқы жүздіктің көшін бастаған Мұхаммед(сғс) пайғамбар болды.Таңданғаннан бұл қалайша болды деп бірнеше қайтара сараптаманы қайталаған болатынбыз.Қаншама рет сараптамамызды қайталасақта адамзат тарихында ең үлкен төңкеріс жасаушы Мұхаммед(сғс) пайғамбар дара тұрды.
Майкл Харт.(1947-2011) Электрондық кітап жүйесін ойлап тапқан американдық.
«Ол ұмми болса да ғалам кітабын өте жақсы оқығандықтан өзімен тайталасқан небір оқымысты, ақылдыларға дес бермеген. Сондай-ақ, ізінен ергендер арасындағы деңгейі ең төмендермен де оңай тіл табыса білген. Теңдессіз шешендік пен арды, сезімталдықты бір жерге түйістіре алуы оның ықпалын арттыра түсті. Оның риясыз, шын пейілмен іс жасайтындығы жүзінен-ақ белгі беріп тұрған. Бұл – адамға деген үлкен ізет-құрметін білдіретін. Ол оқымыстыны да, хат танымайтын адамды да баурап алатын, оларға бағыт-бағдар сілтейтін тамаша қасиетке ие болған»
Чарльз Стюарт Миллс.(1916-1962) Американдық социолог,публицист.
«Мұхаммед(сғс) – өмір шындығын бүкпесіз ұғына біліп, оны ғұмырының арқауы еткен тарихтағы санаулы бақытты адамдардың бірі. Ол – Аллаһ тағаланың елшісі. Өмірінің соңына дейін өзінің кім екенін ұмытпай, жаратылыс мақсатын ұқтыратын қызметін қалтқысыз атқара білді. Хақтан алған хабарларын өте үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, сондай бір байсалдылықпен әрі асқан кішіпейілділікпен «өте дәмді» етіп халыққа жеткізе білді».
Станлэй Лан-Пул.ойшыл,ғалым.
«Біздер, Еуропа халықтары мәдениетіміз айрықша дамығанымен, хазіреті Мұхаммедтің(сғс) ұлылығының ең бірінші сатысында ғана тұрмыз. Оған ешқандай шүбә келтіруге болмайды. Және бұдан кейін де одан ешкімнің аса алуы мүмкін емес»
Гете.(1749-1832) Неміс ақыны,мемлекеттік қайраткер,ойшыл.
«…Егер дүниеде халықты дін қағидаларымен соңынан ерте білген біреу болса, ол – Мұхаммед(сғс). Ол ешқашан өзін асыра бағаламады. Пайғамбар болу еш күмәнсіз оған тән еді. Қазір оның өмірі мен асыл мұратын түсінген кім болса да оның ұлылығына бас иері сөзсіз» (А. Бесант).
«Мұхаммед(сғс) өте қысқа өмірде сол кезге дейін географиялық ауқымдылығынан басқа ештеңесі жоқ өлкеде сондай бір ұлық дін құрды. Бұл дін өте кең аймақтарда христиандық пен яһудиліктен озумен қатар, өте қысқа мерзімнің ішінде сол кездің мәдени аймақтарын қамтыған өте үлкен мемлекеттің негізін қалады» (П. Хитти).
«Мұхаммедтің(сғс) мойнына алған міндеті мен миссиясы тек Аллаһқа және ғайып әлеміне өте терең иманы болған адамның бойында кездесетін таңғажайып күш пен өмір үлгісі» (Родвелл).
Осындай көптеген тұлғалардың тізімін санамалап жалғастыра беруге болады. Шын мәнінде хазреті Мұхаммедтің(сғс) өмірімен жете танысып, жүрек пен санаға тигізген әсерін ой елегіне салып зерделеген жан Оның пайғамбар екенін сөзсіз мойындайды.
Адамзат тарихы ешқашан билеуші, даңқты жаулаушы, танымал реформатор, ұлы тұлғалардан кенде болған емес. Алайда олардың әрбірі өз саласында ғана көзге түскен. Ал осы қасиеттердің бәрінің бір ғана тұлғаның бойында жиналуы өте сирек оқиға. Алға қойған мақсаты толықтай жүзеге асып, ию-қиюы қашқан тайпалардан ірі мемлекет құрылғанын көзімен көрген тұлға – хазірет Мұхаммед(сғс) қана.
Уақыт өткен сайын тарихта өмір сүрген мемлекет басшылары мен қоғам көсемдері жайлы естеліктер уақыттың қатпарында қалып шаңға көміліп жатса, жаңаша лебіздер мен хазіреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік күн сайын жаңарып, жаңғыра түсуде.
Тулбаев Мухаммед-Гариф мешітінің найб имамы Серік Қайратұлы
Comments are closed.