Алланың қалауымен осыдан бір жыл бұрын құрылысы басталған мешіт имамдарына арналған қызметтік баспананың кілттері табысталды.
«Ел үлесі пәтерге «жобасы аясында бастау алған бұл нөмірі 599 және 600-шы пәтерлердің құрылысы бірінші Алланың одан кейін жомарт ел ағалары мен жанашыр жамағаттың атсалысуымен аяқталды.
Қуанышымызды ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсатбек Мақсотұлы, Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Сабралиев, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық «қорының «Ел үлесі пәтерге » жобасы бойынша жауапты маманы Темірбек Пернебекұлы, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Саркулов Алтынбек Ахметуллиұлы және тағы басқа қонақтарымыз тілектерін айтып бөлісті.
Қызметтік пәтердің салынуына ат салысқан бірқатар ағаларымызға Батыс Қазақстан облысы Бас имамы Бақытжан Құралбайұлының атынан алғыс хаттар мен сыйлыққа Алланың кәләмі Құран кітабы табысталды және Мешіт жанашыры баспананың құрылысына ықыласты еңбегі үшін Камалов Ербол Аюпұлы ағамызға Жаңақорған шипажайына жолдама берілді.
Қызметтік баспананың құрылысына ат салысқан барша жандарға Алла разы болсын! Қуанышты жаңалығымыз көп болсын!
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі