Теректі ауданында тұңғыш рет жарапазан ұйымдастырылды.
Теректі аудандық мешітінің бастамасымен өткен жарапазан көпшілікті таңқалдырмай қоймады.
Өздеріңізге белгілі, жарапазан – қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп жарапазан айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып, жарапазаншыларды риза етіп жіберетін болған.
Теректілік тұрғындарда жарапазаншыларды сый-құрметсіз қалдырмады. Ақсақалдар жастарға батасын беріп, болашақтарының жарқын болуын тіледі.
Ayagoz Aitkaliyeva