ОБЛЫСТЫҚ СИРА САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ КІШІ ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен “Әлемнің рахым нұры” атты облыстық сира сайысы өтті.

“Адамзаттың асыл тәжі” кітабы бойынша өткен аталмыш байқау тестілеу, ұяшықтар таңдау арқылы Пайғамбардың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихында орын алған елеулі оқиғаларды баяндау, ұстаздардың видеосұрақтарына жауап беру секілді үш кезеңге созылды.

Қала және аудан мешіттерінің намысын қорғаған 20 үміткердің арасынан оқ бойы оза шапқан Индира Русланқызы, Ғаламат Сәндібекұлы, Санжар Серікұлы жүлдегер атанды. Бас жүлде иесі кіші қажылыққа жолдаманы қанжығасына байласа, қалған жеңімпаздар 200000 тг, 100000 тг көлеміндегі қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі