Бүгін Ар-Рахман мешітінің бас имамы Самат Қанатқалиұлының бастамасымен желтоқсан құрбандарына арнап құран бағыштап, келген қонақтарға амандық тілеп, марқұмдар рухына дұға жасалды.
Бас имам Самат Алибаев мешітке келген жамағатқа Егеменді ел үшін жанын қиған желтоқсан құрбандарының жасаған ерліктері жүректе сақталып, ұрпақтарымызға ерлігі мен батылдығын жеткезу керектігін жеткізді. Елдің амандығы мен тыныштығы үшін бата оқыды.
Баспасөз қызметі