ЕСЕНБОЛАТ ҚАЖЫ «БЕЛСЕНДІ ИМАМ» АТАНДЫ

Аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев «Белсенді имам» аталымына ие болды. Облыстың бас имамы Самат Әлібаев облыстық «Ар-Рахман» мешітінде имамдардың 2023 жылы атқарған жұмыс есебін тыңдап, Есенболат қажы Абдуғалиевтің жұмысына жоғары баға берді. Оның аудан тұрғындарымен, жамағат пен аудан ақсақалдарымен орнатқан тығыз байланысына барлығы куә. Ел ісіне араласып, аянбай еңбек еткен бас имамның ұсыныстары мен пікірлері жерде қалмай, халық игіліне жүзеге асып келеді. Лайықты марапат пен еленген еңбек ауданның қуанышы деп есептейміз!

«ШҰҒЫЛА»-АҚПАРАТ