Жақында облыстық “Ар-Рахман” орталық мешітінің бас имамы Самат Алибаевтың бастамасымен, иманды азаматтардың ұйымдастыруымен Ақжайық жұртшылығы қасиетті жұмада жаңа кілем төселді.
Аталмыш игі шараға өңіріміздің дінге жан ашыр игі жандары мен мешіт жамағаты өз үлесін қосты.
Жаңа кілем мешітіміздің ажарын ашып, ерекше өң берді әрі жамағаттың намаз оқуына да өте қолайлы.
Осы игі бастамаға қолдау жасап, қол ұшын берген барша мұсылман қауымына алғысымыз шексіз. Алла екі дүниенің жақсылығын бергей!
Баспасөз қызметі