МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Таяуда Ақсуат ауылдық округіне қарасты «Ләйләтул қадр» мешітінде мәуліт мерекесі аталып өтілді.
Аталмыш мешіттің ашылғанына 1 жыл толуына орай әрі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған айына байланысты жамағатқа арнайы дастархан жайылды.
Ең алдымен, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) мәуліт оқылды.
Теректі және Ақсуат ауылдарының тұрғындары қатысқан жиында Теректі аудандық мешітінің бас имамы Амантай Бақтығали мұсылмандар үшін маңызды саналатын Мәуліт айын қалай өткізу қажеттігі, мәуліт оқудың артықшылығы жайында уағыз-насихат айтты.
«Ләйләтул қадр» мешітінің бас имамы Талғат Ажибаев та жиылған қауымға «қош келдіңіз» айтып, Пайғамбарымыздың өмірі жайында мағлұматтармен бөлісті.
Шара соңы білім сайысына ұласты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жайында түрлі сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге «Бірлік» қоғамдық бірлестігі атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Теректі аудандық мешітінің баспасөз қызметі