АҚЖАЙЫҚ ИМАМДАРЫ ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДҰҒА ЖАСАДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің мешіттерінде Қарағанды облысындағы қайғылы жағдайға байланысты дұға жасалды.

Орал қаласындағы «Ар-Рахман» мешітінде кешеден бері арнайы Құран аяттары оқылып, аталмыш мешітінің азаншысы Асхат Асылбекұлы құран оқып, наиб имам Наурыз Ибатұлы арнайы дұға жасады.

Уа, Алла Тағала! Шахтадағы жарылыстан қаза тапқан бауырларымызды рақымыңа бөлей гөр. Олардың отбасыларына, жақындарына, перзенттеріне көркем сабыр, қиындықтарына жеңілдік бер. Елімізді, жерімізді түрлі жамандықтан, ауыртпашылықтан өзің қорғай гөр.

Айта кетейік, аталмыш қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ертең, 29 қазан – елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Ақжайық өңірінің қала, аудан, ауылдық мешіттерінде дұға жасалды

Баспасөз қызметі