Бас имам Жәнібек ауданында

Облыс орталығынан шалғай жатқан Жәнібек аудандық мешітіне ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Алибаев арнайы атбасын тіреді.

Аудан мешітінің жұмыс тәртібін, тазалығын, атқарған жұмыстарын пысықтау мақсатында.
Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имамдарын жеке таныстырып, мешіттің сыртқы жұмыстарын айтып, өткен жылы ашылған «Діни сауат ашу» орталық ғимараттың ішкі жұмыс жоспарын айтып, алдағы уақытта атқарылатын діни –шараларымен ой бөлісті.

Ар-Рахман мешітінің бас имам Самат Қанатқалиұлы алғашқы ат басын тіреген Алла үйінде мешіт жамағатымен кездесу өткізіп, «Татулық, бірлік» жайында уағыз айтып, жиналғанды ауызбіршілікке шақырды. Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізді.

Облыс имамы Самат Қанатқалиұлы Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Қадырұлының имандылық жұмысына оң бағасын берді.

Бір күнде бірнеше кездесуде болатындығын сайтымызда жариялаған едік.

ҚМДБ-ның БҚО баспасөз қызметі