Аудандағы спорттық шара


Қазіргі таңда мешіт жамағаттары арасындағы спорттық шаралар дәстүрге айналып келеді десек артық айтқандық емес. Құрбан айт, қасиетті Рамазан айындағы ораза айты сынды айтулы күндер қарсаңында түрлі шаралар өтіп жүр. Ал, бұл шара Республика күні құрметіне орай өткізілді. Жаңақала және Жымпиты аудандық мешіттері жамағаты арасында спорттың төрт түрінен ұйымдастырылған спорттық шара жоғары деңгейде тартысты әрі қызықты өтті.
Атап айтсақ, аударыспақ, гір тасын көтеру, садақ ату, табан тартыс. Спорттық шарада екі ауданнан 20 спортшы өзара бақ сынады. Спорттық шара өткен соң рухани әңгімелер мен уағыз насихаттар айтылып, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен үлгі аларлық мысалдар келтірілді. Спорттық шараға белсенді қатысқан қос мешіттің жамағатына және осы игі шараны өткізуге атсалысқан жандарға арнайы дастарқан жайылып, ол жерде де рухани әрі өнегелі әңгімелер айтылып, жарысқа қатысушылар өз алғыстарын білдірді.

Жарыстың нәтижесін төменнен көре аласыздар.

Табан тартыс:
1 орын – Бақтығалиев Тілек.
2 орын – Сыралиев Жасқанат
3 орын – Хамидуллин Ернұр

Садақ ату:
1 орын – Махметов Батыр
2 орын – Жақсылықов Айтжан
3 орын – Утепов Али

Гір көтеру:
1 орын – Сыралиев Жасқанат
2 орын – Абекенов Есболат
3 орын – Нухиев Батырхан

Аударыспақ:
1 орын – Серіков Қолғанат
2 орын – Оспанов Қадір
3 орын – Нухиев Батырхан

Жүлдегерлер диплом мен медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңақала аудандық мешітінің баспасөз қызметі