Елімізде қазан айы “Қариялар күні” деп жарияланған болатын.
Соған сай жылдағы дәстүр бойынша “Тәжиден Батырұлы” мешітінің имамдары Махамбет имам, Әзілхан имам, Талғат ұстаз арнайы Орал қаласының Қарттар үйін зиярат етіп барды.
Арнайы әжелерімізге сыйлықтар сыйлап. Олардың хал- жағдайларымен танысып біліп, облысымыздың Бас имамы Самат Қанатқалиұлы мен мешітіміздің бас имамы Руслан Тыныштықұлының сәлемін жеткізіп оларға, сыйлықтар табыс етті.
Өз кезегінде келген имамдарға риза болған әжелеріміз батасын беріп алғысын білдірді.
Айта кететін бір қуанышты жаңалық, осы қарттар үйіндегі өзге ұлт өкілі Файст Надежда Владимировна әжеміз, наиб имам Махамбет Мұқанғалиев көркем насихатының себебімен Ислам дінін қабылдап, мұсылман болды.
Баспасөз қызметі