Имамдар қарияларға сый-құрмет көрсетті

Мәуліт мерекесімен бірге келген қариялар күнінде Ар-Рахман мешітінің бас имамы Самат Қанатқалиұлы бастаған, наиб имамдары қолдап Орал медресе-колледжінің асханасында ақдастархан жайылды.

Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі.

Қарияларға құрмет көрсетіліп, Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің наиб Саят Қанатқалиұлы мәуліт оқып, діни әндер шырқалды.

Осыған орай облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы қарттарды мерекелерімен құттықтап, оларға сый-құрмет корсетіп, алғыс хаттар мен сый-сияпаттар тарту етті.

Қариялар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, дұға тілектерін арнады.

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Дана халқымыз: «Қарттың сөзін қапқа сал»,- деп бекер айтпаған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Жастарымызға қамқорлық етпеген және үлкендерімізді құрметтемеген бізден емес»- деген. Қай діннің, қай ұлттың өкілі болса да, жасы үлкенге құрмет қылу мұсылмандық міндет!

Осындай игі шара Айту ата мешітінде өз жалғасын тапты.

Медресенің директоры Талғат Мұратұлының бастамасымен, жеке кәсіпкердің қолдауымен, ұзақ жылдар қызмет еткен, Нұрсұлтан тәрбиешіге кіші қажылықтың жолдамасын бас имам Самат Алибаев табыс етті.

Баспасөз қызметі