Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен «Бөлім сағаты» жобасы бойынша кезекті Аппарат жиналысы өтті.
Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және кадр дайындау бөлімі, сонымен бірге Діни оңалту бөлімінің жыл басынан бері атқарған жұмыстары жайлы есеп берілді. Одан бөлек Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы мен Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар жайлы да баяндады.
«Баршамызға белгілі діни салада да білікті маман дайындау әрдайым күн тәртібінен түспейтін мәселе. Аллаға шүкір, еліміздегі діни білім беретін іргелі университетіміз бен 9 медресе-колледжімізден жыл сайын ынталы жастарымыз қанат қағуда. Діни оңалту бөлімінің жұмысы, яғни жат ағымдардан сақтандыру жұмысы тіпті Мемлекет басшысының да назарында десек артық айтқанымыз емес. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарымыз да өте маңызды» деді Бас мүфти.
Жиында ҚМДБ қызметкерлері қос бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.