Бүгін “ Достық” үйінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен, “Ар-Рахман” мешітінің қолдауымен “Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында “ Қоғам және мұсылман келбеті” тақырыбы бойынша аймақтық конференция болып өтті.
ҚМДБ-ның 2023 жылғы атқарылған іс-шараларының бейнебаяны көрсетілді.
Айтулы іс-шара мұсылман адамның зайырлы қоғамдағы орны мен ұстанымы және деструктивті діни ағым өкілдерінен сақтану жолдарын жеткізу мәселелерін талқылады.
Алдымен облысымыздың бас имамы Самат Қанатқалиұлы сөз алып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Қала және аудан имамдары, дін саласындағы білікті мамандар, медресе -колледжінің ұстаздары мен студенттері, ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.
Аймақтық конференцияны облыстық дін істері басқарманың басшысы Талғат Рақымұлы ашты.
Конференцияның қадірлі қонақтары ҚМДБ “ Дін мен дәстүр” бөлімінің басшысы Нұрбек Әуесханұлы “ Дін мен дәстүр”, “ Діни оңалту” бөлімінің басшысы Хасан Ташайұлы “Деструктивті діни ағымның қоғамға зияны және діни оңалту жұмысының маңыздығы”, Қоғаммен байланыс” секторының жетекшісі Нұрсұлтан Сәбитұлы “ Дін мен қоғамның байланысы”, “Жастар ісі” секторының жетекшісі Бағыжан Ерболатұлы “ Жастар елдің рухани күші”, БҚО инновациялық -технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр “ Қазақ қоғамындағы мұсылмандық жолы” тақырыбында аясында баяндамалар оқылып, дәстүр және сабақтастық тақырыбында баяндама жасап, ізгі қоғамдағы дәстүрлі Исламның дамуы жайлы кең көлемде баяндады.
Жиында сөз алған қатысушылар ізгі қоғамдағы исламның орны, дәстүрлі ислами құндылықтарды дамыту, жастарға дәстүрлі тәрбиені насихаттау бағытында келелі ойларын ортаға салды.
Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы Нұрлан Саматұлы