Бүгін Орал орталық мешіт Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев келді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша Бас имамы Бақытжан Құралбайұлы жылы жүзбен қарсы алып, Ақжайық өңіріндегі имамдардың имандылық жолындағы игі істерін айтып, жиналған қауымға Мәлік Нұржанұлын таныстырып, сөз тізгінін ұсынды.
Мәлік Нұржанұлы: «Асыл дінімізді ұлықтап, дәстүрлеріміз дәріптеп келе жатқан имамдар. Имамдар білімді, әрі білікті. Дін жолында қажырлы еңбек етіп, руханият саласына өлшеусіз қызмет етіп келесіздер. Елді бірлікке, халықты ынтымақта шақырып, салихалы уағыздарыңыз қалың жамағаттың жүрегіне жетуде» деп бағалап, тілегін білдірді.
Еркін кездесуде қонаққа сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар алды, ойларымен бөлісті.
Кездесуге облыстық дін істері басқармасының басшы Мақсат Аралбайұлы, облыс, қала, аудан имамдары қатысты.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі